Қазақстанда берілген ипотеканың 67 пайызы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне тиесілі

754

Қазақстанда берілген ипотеканың 67 пайызы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне тиесілі

Бүгін Ерболат Досаевтың төрағалығымен өткен Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі Директорлар Кеңесінің отырысында ("Бәйтерек" Холдингінің еншілес ұйымы) "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ басшылығы өз қызметінің нәтижелері туралы есеп берді.

Биылғы жылдың бірінші тоқсанында елімізде құрылыс салуға және тұрғын үй сатып алуға берілген заемдардың көлемі 65 миллиард теңге болды. Соның 49 млрд. теңгесі ҚТҚЖБ-ға тиесілі. Сонымен қатар, банк басқа ЕДБ арасында кредит қоржынының ең жоғары сапасына ие. NLP деңгейі (ағылшын тілінде non-performing loan, сөзбе-сөз - "Жұмыс істемейтін қарыз") 0,49%-ды құрайды.

Банктің Басқарма Төрайымы Ләззат Ибрагимова депозит қоржынының артқаны жайында сөз етті. Қазіргі кезде ол 455 млрд. теңгеге тең. Өсім халықтың банкке деген сенімінің артуына, соның ішінде тұрғын үй құрылыс жинақ шартын жасау үшін және оның шарттық сомасын ұлғайтуға ұсталынатын комиссиялық алымдардың алынып тасталынуына, ұлттық валютаны түзетуге орай 20,1 миллиард теңге өтемақы төлеуге, сондай-ақ тұрғын үй құрылыс жинақ салымдарына жыл сайынғы мемлекет сыйлықақысының түсуіне байланысты. Бұл туралы толығырақ hcsbk.kz сайты хабарлайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу