Қазіргі жағдай мен атқарылып жатқан жұмыстар туралы Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов, Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин баяндады.
Биылғы қарашада қабылданған шаралар есебінен азық-түлік инфляциясының өсу қарқыны жылдық мәнде 0,4 пайыздық тармаққа 0,9%-ға дейін ал жалпы инфляцияда 0,2 пайыздық тармаққа 8,7%-ға дейін төмендеді. Өткен аптада Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының жалпы өсу индексі 0,0%-ды құрады. 15 өңірде бағаның өсуі тіркелген жоқ. Ал 3 өңірде: Нұр-Сұлтан қаласында 0,2%-ға, Павлодар және Маңғыстау облыстарында 0,1%-ға бағаның төмендеуі байқалады. Бесінші апта қатарынан қарақұмық (-0,6%), қант, сәбіз, тауық еті мен күріш (-0,1%) бағасының төмендеуі байқалады. Қалған өнімдердің бағалары тұрақты. "Айналым схемасын" қаржыландырудың нысаналы деңгейі ел бойынша 99,4%-ға қамтамасыз етілді. "Айналым схемасы" бойынша алға қойылған міндеттер Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарында орындалды. Қызылорда және Маңғыстау облыстарында жүргізіліп жатқан жұмыстардың төмен деңгейі тіркелді.
Өткен аптада Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Қостанай және Алматы облыстарындағы рожки, ұн, құс еті нарығы субъектілерінің атына бағалық сөз байласу және үстем жағдайды теріс пайдалану белгілерінің болуы туралы 6 ескерту жіберді. Маңғыстау, Шығыс Қазақстан және Атырау облыстарында өндірушілермен, көтерме жеткізушілермен және сауда желілерімен сауда үстемесін 15%-дан 10%-ға дейін төмендету туралы монополияға қарсы комплаенстің 23 актісі жасалды.
Жалпы, республика бойынша монополияға қарсы комплаенстің 183 актісі жасалды. Премьер-Министр орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға қолданыстағы барлық құралдарды пайдалану арқылы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру және төмендету шараларын одан әрі орындауды тапсырды. Өңірлердің әкімдіктеріне тұрақтандыру қорларында бес айлық азық-түлік қорын қалыптастыру, азық-түлік өнімдеріне шекті бағаларды белгілеу, сондай-ақ делдалдық схемаларды тексеру жөнін