Қазақстанда бетперде тағу режимінің күші жойылды

229

Ал халық көп жиналатын орындарда медициналық немесе шүберек бетперделерді қолдану ұсынылды. 

Қазақстанда бетперде тағу режимінің күші жойылды Фото: Newshub.kz

ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова "Ауа-тамшы жолымен берілетін жұқпалы аурулардың таралуының алдын алу бойынша профилактикалық шараларды күшейту туралы" 2024 жылғы 8 ақпандағы қаулысының күшін жойды.

Құжатта тұмаудың және басқа да жіті респираторлық вирустық инфекциялардың эпидемиялық маусымының аяқталуына байланысты қаулының күші жойылғаны көрсетілген.

"Ауа-тамшы жолымен берілетін жұқпалы аурулардың таралуының алдын алу жөніндегі профилактикалық шараларды күшейту туралы" Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2024 жылғы 8 ақпандағы No 2 қаулысының күші жойылсын", делінген 24 сәуірдегі қаулы мәтінінде.

Қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

9 ақпанда құжатта мына жағдайлар қамтылғаны хабарланды:

  • медициналық ұйымдарда мекеме қызметкерлері мен мекемеге келушілердің медициналық бетпердені тағуы, антисептиктердің болуы;
  • Covid-19 коронавирус инфекциясының, тұмаудың және ЖРВИ-дың алдын алу шаралары туралы халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу