ФАО 2023 жылы әлемде рекордтық астық жиналады деп болжайды.
Маусым айының қорытындысы бойынша болжам 5,9 млн тоннаға (0,2%) ұлғайып, қазіргі уақытта 2 млрд 819 млн тоннаны құрап отыр, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,1%-ға жоғары.
ФАО ай сайынғы шолуында хабарланғандай, көрсеткіштердің өзгеруі әлемдік бидай дақылына қатысты болжамның жақсаруына байланысты. Оны өндіру көлемінің болжамы 0,9%-ға – 783,3 млн тоннаға ұлғайғанына қарамастан, бұл 2022 жылғы рекордтық деңгейден әлі де 18,4 млн тоннаға төмен.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу