Қазақстанда биік таулы бақылау бекеттері сел қаупіне мониторинг жүргізуді бастады

224

Мамандар мұздақ көлдер мен тау өзендерінің жағдайын күн сайын бақылауда ұстайды.  

Қазақстанда биік таулы бақылау бекеттері сел қаупіне мониторинг жүргізуді бастады Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Сел қаупі кезеңінің басталуына байланысты Қазселденқорғау мамандары сел қаупі бар өңірлерде маусымдық биік таулы бақылау бекеттерінің жұмысын бастады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бақылау аясында тау өзендерінің, мұздақ көлдердің, мұздықтар мен тау беткейлерінің жай-күйіне күнделікті мониторинг жүргізіледі.

Мамандар әсіресе қарқынды қар еруі мен нөсер жауын кезінде қауіп төндіруі мүмкін әлеуетті қауіпті мұздақ көлдерге ерекше назар аударады.

ТЖМ мәліметінше, тұрақты бақылау қауіпті жағдайлардың алғашқы белгілерін дер кезінде анықтауға және мемлекеттік органдар мен тұрғындарды жедел хабардар етуге мүмкіндік береді.

Ведомство өкілдері биік таулы бақылау бекеттерінің жұмысы табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған ерте ескерту жүйесінің маңызды бөлігі екенін атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу