Қазақстанда 2026–2027 оқу жылына арналған білім беру гранттары конкурсына өтініш қабылдау басталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Құжаттар 13–20 шілде аралығында жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары немесе eGov порталы арқылы қабылданады.
Грант конкурсына қатысу үшін талапкерлер жеке куәлік, ҰБТ сертификаты, 3×4 көлеміндегі фотосурет және орта білім туралы аттестат немесе колледж түлектері үшін диплом тапсырады. Жеңілдетілген санат бойынша қатысушылар тиісті растайтын құжаттарын ұсынуы қажет.
Грант конкурсына қатысу үшін "Педагогикалық ғылымдар" және "Құқық" бағыттарына – кемінде 75, "Денсаулық сақтау" бағытына – 70, "Ауыл шаруашылығы және биоресурстар" мен "Ветеринария" бағыттарына – 50 балл жинау қажет. Ұлттық жоғары оқу орындарына түсу үшін шекті балл – 65, ал өзге жоғары оқу орындары үшін – 50 балл.
Қабылдау науқаны барысында ауылдық жерлерден шыққан және әлеуметтік осал санаттағы талапкерлер үшін мемлекеттік квоталар қарастырылған. Сонымен қатар, биыл да "Цифрлық университет" қағидаты аясында қабылдау үдерістерінің басым бөлігі автоматтандырылып, конкурстың ашықтығы қамтамасыз етіледі.
Білім беру гранты иегерлерінің тізімі 10 тамызға дейін жарияланады.