Қазақстанда білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау форматы жаңарды

219

ҚР Оқу-ағарту министрлігі педагогтердің үздіксіз кәсіби дамуын қамтамасыз ету мақсатында жүйелі жұмыс жүргізіп келеді.

Қазақстанда білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау форматы жаңарды Фото: Оқу-ағарту министрлігі

2025 жылдың басынан бері еліміз бойынша орта білім беру жүйесінің 91 мыңнан астам педагогі тегін біліктілікті арттыру курстарынан өткен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бағдарламалар бастауыш сынып, қоғамдық-гуманитарлық, жаратылыстану-математикалық бағыттарындағы және дене шынықтыру пәні мұғалімдерін қамтиды. Сондай-ақ, педагогтер инклюзивті білім беру, көшбасшылық, инновациялар мен цифрлық құзыреттілік бағыттары бойынша да дәріс тыңдады.

Оның ішінде, 70 мыңға жуық сала маманы "Өрлеу" біліктілікті арттыру ұлттық орталығында курстан өтсе, 18 мыңға жуығы "Өркен" балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институтында оқытылды. Сондай-ақ Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы, Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы, Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың Ұлттық ғылыми-практикалық орталығында арнайы тегін курстар ұйымдастырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу