Қазақстанда білім беру жүйесіне жасанды интеллект енгізу бойынша Жол картасы әзірленеді

124

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов Оқу-ағарту министрлігіне білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні енгізу жөніндегі Жол картасын әзірлеуді тапсырды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстанда білім беру жүйесіне жасанды интеллект енгізу бойынша Жол картасы әзірленеді Фото: freepik

Осы жылдың 1 қазанына дейін Білім беру жүйесінде жасанды интеллектіні енгізу жөніндегі 2025-2029 жылдарға арналған Тұжырымдамалық тәсілдер мен Жол картасы қабылдануға тиіс.

"Олар нормативтік құқықтық базаны, оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді, педагогтерді даярлау мен қайта даярлауды, ақпараттық қауіпсіздікті әзірлеу жөніндегі шараларды қамтуы керек", – деді ол Үкімет отырысында.

Сондай-ақ, Олжас Бектенов өңірлерде заман талабына сай мектептерді салуды, оларды жоғары жылдамдықты интернетпен, цифрлық білім беру ресурстарымен қамтамасыз етуді тапсырды. 

Оқу-ағарту министрлігі, "Самұрық-Қазына" қоры өңір әкімдіктерімен бірлесіп, желтоқсан айына дейін қалған 52 Келешек мектептерінің құрылысын аяқтауы қажет.

"Өңір әкімдіктерімен бірлесіп, "Ауыл мектебі – сапа алаңы" шағын жинақты мектеп моделін кезең-кезеңмен енгізуді жалғастыру қажет. Оларды жоғары жылдамдықты Интернетпен, цифрлық білім беру ресурстарымен қамтамасыз ету, қашықтан оқытуды ұйымдастыру, сондай-ақ педагогтерді тиісті дағдыларға дайындау жөнінде нақты шаралар көзделуге тиіс. Әкімдіктермен бірлесіп, өңірлерде, соның ішінде жеке инвестицияларды тарта отырып, "Sana" жаңа буын орталығының тұжырымдамасы мен тәсілдерін кең ауқымда қолдану қажет", – деді Үкімет басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу