Аталған ғимаратта онкологиялық, аутоиммунды, сирек және қабыну ауруларын емдеуге арналған препараттар шығарылмақ, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Қазақстандағы ірі стратегиялық инвестициялық жоба ел Президентінің фармацевтика саласындағы отандық өндірістің үлесін 50%-ға жеткізу жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде жүзеге асады.
Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойған. Құжатта ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен "Khan Tengri Biopharma" ЖШС арасындағы "Алатау" арнайы экономикалық аймағында заманауи "Биофармацевтикалық толық циклді кешен салу" жөніндегі инвестициялар туралы келісім жобасы мақұлданған.
Нысан дәрілік заттар өндірісінің озық технологияларымен жабдықталады деп болжанып отыр. Басты мақсат – 58 препарат түрін шығаратын өндіріс қуатын құру. Толық циклді іске қосуға, белсенді фармацевтикалық ингредиенттер өндіруге ерекше назар аударылады.
Кешеннің өндірістік портфеліне 27 халықаралық патенттелмеген атауы бар, соның ішінде онкологиялық, аутоиммундық, сирек және қабыну ауруларын емдеуге арналған препараттар жатады.
Инвестициялардың жалпы көлемі 103 млрд теңгеден асып-жығылады. Кешенде 180-нен аса жаңа тұрақты жұмыс орны ашылмақ. Жобаны жүзеге асыру еліміздің фармацевтика саласын дамытуда стратегиялық маңызға ие және локализацияны кеңейтуге, орнықты өндірістік базаны қалыптастыруға, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар препараттардың импортын кезең-кезеңімен алмастыруға бағытталған.
Одан бөлек, шығарылатын өнімнің бір бөлігін ЕАЭО, ТМД елдері және Таяу Шығыс мемлекеттері нарығына экспорттау жоспары бар.