Ұлттық статистика бюросы өткен аптада және ай басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 0,2%-ға, жыл басынан бері 17,4%-ға қымбаттағанын хабарлады, деп жазды inbusiness.kz.
Жылдық мәнде әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасы 17,7%-ға өсті, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңінен 2,2 пайыздық тармаққа жоғары.
Соңғы аптада мынадай өнімдердің бағасы төмендеді:
- Ақ қырыққабат – 6,7%;
- Картоп – 2,6%;
- Сәбіз – 0,4%;
Өткен аптада мынадай өнімдердің бағалары өсті:
- Пияз – 1,5%;
- Жұмыртқа, I санат – 1,2%;
Әлеуметтік маңызы бар өнімдер тізіміндегі кейбір тауарлардың орташа бағасы (2022 жылғы 05 шілдедегі жағдай бойынша):
- Сары май – 3256 тг/кг;
- Сиыр еті – 2200 тг/кг;
- Сүзбе – 1726 тг/кг;
- Бидай ұны, I санат – 220 тг/кг;
- Қарақұмық – 501 тг/кг;
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізімінде 19 өнім бар.
Құралай Құдайберген