Қазақстанда бір дәрігерге 3 мың тұрғын қаралады

788

Қазақстанда бір дәрігерге 3 мың тұрғын қаралады

Қазақстан бойынша бір дәрігерге 2,5-3 мың тұрғыннан келеді екен. Осыған байланысты, еліміздің денсаулық сақтау министрлігі дәрігерлердің санын ұлғайту арқылы осы көрсеткішті 1,5 мың тұрғынға дейін азайтуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды ortcom.kz.

Бұл туралы ҚР денсаулық сақтау министрлігі медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры Лаура Ахметниязова мәлімдеді. Оның сөзінше, аталған шара шағын жеке клиникалар мен мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті дамыту арқылы жүзеге асырылатын болады. Клиникаларда медициналық алғашқы көмек көрсететін жалпы практика дәрігерлері бірлесіп қабылдау жүргізеді.

"Сонымен бірге медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұсынуды жетілдіру үшін қант диабеті, артериалды гипертензия, созылмалы жүрек жеткіліксіздігі сынды созылмалы ауруы бар пациенттерді белсенді бақылауға негізделген ауруларды басқару бағдарламасын енгізу жөніндегі жоба іске асырылуда" – деді Лаура Ахметниязова.

Бұған қоса, мектеп медицинасын дамыту және жетілдіру мен "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде медицина пункттері мен медицина қызметкерлерінің штатын білім беру жүйесінен денсаулық сақтау жүйесіне беру жұмысы аяқталуға жақын. Жыл басынан бері штат саны 7132 адамды құрайтын 6117 медицина пункті білім беру жүйесінен денсаулық сақтау жүйесіне берілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу