Қазақстанда бір күнде 3 орман өрті тіркелді

386

Өрттердің шығуына негізінен найзағай разрядтары себеп болды. 

Қазақстанда бір күнде 3 орман өрті тіркелді Фото: canva

2026 жылғы 27 маусымда Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман қоры аумағында 3 орман өрті тіркелді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Өңірлер бойынша:

  • Қарағанды облысы – 1 өрт;
  • "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерваты – 2 өрт.

"Барлық өрт ошақтары орман күзеті қызметкерлерінің және жұмылдырылған қызметтердің өзара іс-қимылының арқасында дер кезінде анықталып, жедел түрде сөндірілді", – делінген хабарламада.

Өрт қауіпті кезеңде азаматтарды өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтауға және еліміздің орман байлығына ұқыпты қарауға шақырамыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу