Қазақстанда бір күнде төрт орман өрті тіркелді

262

24 шілде күні Қазақстанның мемлекеттік орман қоры аумағында төрт бірдей орман өрті тіркелді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.  

Қазақстанда бір күнде төрт орман өрті тіркелді Фото: arasha.kz

Төтенше жағдайлар "Бұйратау" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде, "Катон-Қарағай" ұлттық паркінде және "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватының екі учаскесінде болған.

Мамандардың айтуынша, өрт ошақтары мемлекеттік орман күзеті қызметкерлері мен жедел анықтау жүйелерінің көмегімен дер кезінде анықталған. Оқиға орындарына орманшылар мен арнайы техника шұғыл жіберіліп, жалын қысқа мерзімде оқшауланды. Нәтижесінде өрттің кең аумаққа таралуына жол берілмеді.

Алдын ала мәлімет бойынша, тілсіз жаудың шығуына найзағайдың түсуі себеп болуы мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу