Қазақстанда бір тәулік ішінде екі мыңға жуық қылмыс ашылды - ІІМ

583

Бұл жөнінде Ішкі істер министрлігі ұйымдастырған брифингте айтылды деп жазады inbusiness.kz.  

Қазақстанда бір тәулік ішінде екі мыңға жуық қылмыс ашылды - ІІМ Фото: egemen.kz

Ведомстваның ресми өкілі Шұғыла Тұрлыбек жалпы бір апта ішінде 2893 қылмыс дерегі тіркелсе, соның 1825 -і тәулік ішінде ашылғанын хабарлады.

"Полиция қызметкерлері "ізін суытпай" 4 кісі өлтіруді, 2 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 1 қарақшылық, 33 тонау және 455 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты" - дейді ол.

Мәселен, бір ғана Түркістан облысында интернет-алаяқтықтың 40-қа жуық эпизоды әшкере болған.

Ал елордада есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері аса ірі көлемде есірткі сатудың жолын кесті. Күмісбеков көшесіндегі үй маңынан Range Rover автокөлігінің жүк салғышында  күшті синтетикалық есірткі заты - мефедронның екі пакетін тасымалдап келе жатқан 35 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды.

"Тергеу анықтағандай, ұсталған азамат есірткіні Алматыдан сатып алып, жолаушы кетіп бара жатқан  көлікпен Астанаға жөнелтіп, елордаға ұшақпен оралған. Әрі қарай ол 1-ден бөліп есірткіні орап, үш қалада: Көкшетау, Петропавл және Павлодарда ірі мөлшерде  көтерме  сауда үшін  жасырып кетуді  жоспарлаған" - дейді Шұғыла Тұрлыбек.

 Есірткі сатпақ болған күдікті 15 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу