Қазақстанда бір тәулікте 12 орман өрті тіркелді

222

Қазіргі уақытта өрт ошақтарын оқшаулау және толық сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. 

Қазақстанда бір тәулікте 12 орман өрті тіркелді Фото: gov.kz

Өрттер Шығыс Қазақстан, Ақтөбе және Қарағанды облыстарында, сондай-ақ Қарқаралы, Катон-Қарағай, Бурабай ұлттық парктері мен "Ертіс орманы" және "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерваттарында болған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Өрт ошақтары "Қазавиаорманқорғау" әуе патрульдеуі және мемлекеттік орман күзетінің жерүсті бақылауы кезінде дер кезінде анықталған.

Өрттерді сөндіруге орман шаруашылығы қызметкерлері, "Қазавиаорманқорғау" күштері мен арнайы техника жұмылдырылды. Қазіргі уақытта өрт ошақтарын оқшаулау және толық сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Мамандар өрт қауіпті кезеңде табиғат аясында демалған кезде өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу