Қазақстанда бір тәулікте 7 орман өрті тіркелді

449

Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрлігі хабарлады.  

Қазақстанда бір тәулікте 7 орман өрті тіркелді Фото: gov.kz

Кеше, 14 шілдеде Қазақстанның мемлекеттік орман қоры аумағында 7 орман өрті тіркелді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Өрт оқиғаларының ең көбі Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарында – екі-екіден тіркелсе, Ақмола, Абай және Павлодар облыстарында бір-бірден өрт шыққан.

Өрт ошақтары "Қазавиаорманқорғау" РМК-ның әуе патрульдеуі, ерте анықтау жүйелері және мемлекеттік орман күзетінің тұрақты бақылауы барысында дер кезінде анықталған.

Өртті сөндіруге мемлекеттік орман күзетінің қызметкерлері, "Қазавиаорманқорғау" авиациялық бөлімшелері, тікұшақтар, арнайы техника және өзге де күштер мен құралдар жұмылдырылды.

Ведомствоның мәліметінше, жедел әрі үйлесімді әрекеттердің арқасында өрттің елді мекендер мен орман алқаптарына таралуына жол берілген жоқ. Мамандар аптап ыстық пен найзағайлы ауа райына байланысты тұрғындарды табиғат аясында өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу