Қазақстанда бір тәулікте коронавирустың 79 жағдайы тіркелді

629

Бір күн бұрын республикада 76 жағдай анықталған болатын. 

Қазақстанда бір тәулікте коронавирустың 79 жағдайы тіркелді

Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирустық инфекцияның 79 жаңа жағдайы тіркелді, деп хабарлады бейсенбіде COVID-19 таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия.

Жалпы еліміз  бойынша 107 мың 529 жағдай расталды, оның ішінде Алматыда - 14359 (+3), Нұр-Сұлтанда - 14045 (+16), Атырау облысында - 11064 (+8), Қарағанды ​​облысында - 10240 (+5) ), Шығыс Қазақстан облысында - 8626 (+21), Батыс Қазақстан облысында - 6847 (+2), Шымкентте - 5188 (+1), Алматы облысында - 4953 (+3), Жамбыл облысында - 4119 (+0), Солтүстік Қазақстан облысында - 4066 (+6), Павлодар облысында - 3893 (+3), Қостанай облысында - 3472 (+2), Ақмола облысында - 3468 (+4), Түркістан облысында - 3371 (+4), Маңғыстау облысында - 3338 (+0), Қызылорда облысында - 3242 (+1), Ақтөбе облысында - 3238 (+0).

Бір тәулік ішінде 104 адам коронавирустық инфекциядан айыққан, оның ішінде Нұр-Сұлтанда - 2, Алматыда - 14, Алматы облысында - 1, Атырау облысында - 4, Шығыс Қазақстан облысында - 18, Батыс Қазақстан облысында - 45 , Қарағанды ​​облысында - 1, Қостанай облысында - 2, Павлодар облысында - 6, Түркістан облысында - 11.

Жалпы, елде 102 мың 323 адам COVID-19-тан жазылып шыққан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу