Ресми мәліметке сәйкес, өткен жылы Қазақстанға 15 294 699 шетелдік келген. Оның ішінде:
- 5 860 195 – Өзбекстан,
- 3 271 654 – Ресей,
- 962 583 – Тәжікстан,
- 3 335 475 – Қырғызстан азаматтары.
Алайда, бұл шетелдіктердің басым бөлігі ел аумағында ұзақ уақыт тұрақтамаған. 2024 жылы Қазақстаннан 15 252 848 шетелдік шығып кеткен.
Осы көрсеткіштерден шетел азаматтарының елге көбінесе транзитпен келетіні немесе ЖСН рәсімдеу мақсатында кіруі жиі болатыны байқалады.
Шетелдіктер үшін Қазақстанда болу мерзімі әр елге байланысты өзгеріп отырады:
- Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан азаматтары – 90 күн,
- Өзбекстан азаматтары – 30 күн.
ІІМ деректеріне сүйенсек, 2025 жылдың қаңтар айының соңына дейін Қазақстанға 925 152 шетелдік келген. Оның ішінде:
- 367 228 – Өзбекстан,
- 222 712 – Қырғызстан,
- 177 892 – Ресей,
- 46 037 – Тәжікстан азаматтары.
Осы кезеңде 27 186 шетелдікке ЖСН рәсімделген. Сонымен қатар, 2025 жылдың алғашқы айында елден 902 570 шетелдік шыққан.