2025 жылы Қазақстанда 32 мыңнан астам кардиохирургиялық операция жасалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Өткен жылы 6 мыңға жуық пациентке жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетілген. Күрделі хирургиялық араласуларды жүргізуге 91,3 млрд теңге бөлінген.
Қазіргі уақытта елімізде жүрек пен қан тамырлары ауруларын емдеуге арналған заманауи операциялардың кең спектрі жүргізіледі. Кардиохирургиялық орталықтардың техникалық жабдықталуы дәрігерлерге жоспарлы және шұғыл жағдайларда науқастарға қажетті медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік береді.
Жоғары технологиялық кардиохирургиялық көмек Қазақстан азаматтарына медициналық көрсетілімдер бойынша тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында көрсетіледі.