Қазақстанда бір жылда тауарлар мен қызметтердің бағасы 10,3%-ды құрады

327

Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді.

Қазақстанда бір жылда тауарлар мен қызметтердің бағасы 10,3%-ды құрады Фото: dabylinfo.kz

2026 жылдың маусым айында Қазақстандағы айлық инфляция 0,8%-ды, ал жылдық инфляция 10,3%-ды құрады, деп хабарлады inbusiness.kz сайты.

Маусымда бірқатар азық-түлік өнімдерінің бағасы төмендеді. Атап айтқанда, тәтті бұрыш – 12,6%-ға, қызылша – 7,8%-ға, жұмыртқа – 3,8%-ға, банан – 3,3%-ға, баялды – 1,7%-ға, қара шай – 1,1%-ға, бидай жармасы мен алма – 0,8%-ға, шоколад пастасы – 0,3%-ға арзандады.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар арасында шаңсорғыш – 7,2%-ға, үтік – 5,4%-ға, медициналық бетперде – 4,1%-ға, электр шәйнек – 2,9%-ға, модемдер мен роутерлер – 1,5%-ға, ноутбук – 1,2%-ға, парацетамол – 0,8%-ға және қолға арналған крем – 0,6%-ға арзандады. Сонымен қатар ыстық су тарифі 3,7%-ға, суық су тарифі 3,2%-ға төмендеді.

Жылдық есепте де бірқатар тауар бағасының арзандауы сақталды. Өткен жылдың маусымымен салыстырғанда қызылша – 26,9%-ға, қызанақ – 23,8%-ға, қияр – 20,8%-ға, пияз – 15,9%-ға, сарымсақ – 11,9%-ға арзандады. Сондай-ақ автомобильдер – 9,9%-ға, кондиционерлер – 9,7%-ға арзандап, жекелеген дәрі-дәрмек пен тұрмыстық техниканың бағасы да төмендеді. Ал суық су тарифі бір жыл ішінде 40,8%-ға азайды.

Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағаларының индексі ай сайын 537 түрлі тауар мен қызметтің бағасы негізінде есептеледі. 2026 жылғы қаңтардан бастап есептеуде азық-түлік тауарларының үлесі – 41,1%, азық-түлікке жатпайтын тауарлардың үлесі – 28,4%, ал ақылы қызметтердің үлесі 30,5% болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу