Қазақстанда бір жылда тұрғын үйге сұраныс 20%-ға төмендеді

2023 жылы қазақстандықтар тұрғын үйді 370 551 рет сатып алды және сатты. 

Қазақстанда бір жылда тұрғын үйге сұраныс 20%-ға төмендеді Фото: inbusiness.kz

Бұл көрсеткіш 2022 жылмен салыстырғанда, 20,5 %-ға аз (465 822 мәміле), деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Krisha.kz порталына сілтеме жасап.

Ұлттық статистика бюросының хабарлауынша, жыл сайын теріс динамика салыстырмалы түрде жаңадан құрылған аймақтардан басқа барлық өңірлерде тіркелді. Соның ішінде Абай, Жетісу және Ұлытау облыстары бар. Онда статистиканың 120-150%-ға өсуі 2022 жылдың тамызынан бастап деректер жинаумен түсіндіріледі.

Бір жылдағы шаруашылық операцияларының (транзакция) максималды төмендеуі Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында орын алды (әрқайсысында 43%-дан астамға төмендеу болды). Ал Маңғыстау және Атырау облыстарында айтарлықтай төмен көрсеткіш байқалады: тиісінше 37,1% және 33,4%. Сондай-ақ, Астана, Алматы және Шымкент қалаларында тұрғын үйге сұраныс сәйкесінше 3,5, 9,7 және 13%-ға дейін төмендеді.

Жыл бойынша көшбасшылар қатарында:

  • Алматы (66,2 мың шаруашылық операциясы);
  • Астана (62,7 мың);
  • Қарағанды облысы (33,2 мың) бар.

Бұл ретте, 2022 жылғы желтоқсан айы мен 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, сұраныс 12,6%-ға дейін өсті.

"Жыл ішіндегі өзгерістерге келетін болсақ, сұраныс 2023 жылдың екінші жартыжылдығында тұрақтанды. Сонымен қатар, желтоқсан операциялар саны бойынша (37 818) тамыздан кейін (38 810) екінші орында тұр. 2023 жылдың қарашасымен салыстырғанда, желтоқсан айындағы транзакциялар 19,2%-ға өсті", - деп түсіндірді сарапшылар.

Желтоқсандағы операциялардың ең көп өсімі Астанада (+48,2%), Түркістан облысында (+44,1%), Шымкентте (+30,5%), Алматы облысында (+29,4%) және Алматы қаласында (+21,3%) тіркелді.

Алайда, төрт салада мәмілелер бұзылды. Мәселен, СҚО-дағы көрсеткіш 24%-ды ғана құрайды.

Мәмілелер саны бойынша, бұрынғыдай Алматы (7 594), Астана (7 157), Қарағанды облысы (2 946) көшбасшы болып қала береді. Ал ең аз мәміле  Ұлытау облысында (447) тіркелді. Соның ішінде, 37 818 мәміленің 29 580-ні пәтерлерге, 8 238-і жеке үйлерге түсті.

Айта кетейік, желтоқсан айында қараша айына дейін пәтерлермен мәмілелер саны 22,5%-ға дейін өсті (+5 432 операция). Пәтер сатудың негізгі үлесі Астана, Алматы және Қарағанды облыстарына тиесілі. Сондай-ақ, бір айда екі бөлмелі пәтерлер 11 465 мәмілемен сатылымда көш бастап тұрды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу