Сондықтан балаларды бірінші сыныпқа тіркеу туралы өтініштер 3 сәуірден бастап қаралады, деп жазады inbusiness.kz.
Құжаттарды egov.kz электронды үкіметінің сайты арқылы тапсыруға немесе мектепке қағаз түрінде өткізуге болады. Өтініштер дүйсенбіден жұмаға дейін қабылданады.
Балалар бірінші сыныпқа 6 жастан бастап қабылданады.
Қандай құжаттар қажет?
- Баланың ата-анасы немесе заңды өкілінің өтініші
- №065у формасындағы денсаулық жағдайы туралы анықтама
- 026/у-3 баланың денсаулық паспорты
- баланың 3*4 суреті (2 дана)
Мемлекет тұрғылықты жерін есепке алмай, жалпы білім беретін мектепке қабылдау құқығын береді. Бұл жағдайда өтінішті тек бір ғана мектепке беруге болады.
Құжат қабылдау 2023 жылдың 1 тамызына дейін жалғасады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу