Қазақстанда бірқатар азық-түлік арзандады

221

Пияз бен картоптың бағасы айтарлықтай төмендеді.  

Қазақстанда бірқатар азық-түлік арзандады Фото: elearning.adobe.com

19 тамыздағы жағдай бойынша есепті аптада Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бірқатары арзандады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ең көп төмендеген баға пиязда тіркелді – 4,9%. Картоп 4,1%, алма 2,7%, қырыққабат 2,2%, сәбіз 1,9%, қияр 1,5%-ға арзандаған. Қой еті 0,6%, қызанақ 0,4% төмендеді.

Ал бірінші сұрыпты бидай наны, қаймақ, сары май және тұздың бағасы өзгеріссіз қалды.

Өңірлер арасында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы Қарағандыда 0,7%-ға, Көкшетау мен Өскеменде 0,5%-ға, Қонаевта 0,4%-ға, Жезқазған мен Талдықорғанда 0,3%-ға төмендеді. Астана, Шымкент және тағы бірқатар қалада баға өзгермеген.

Қазір ел бойынша пияздың орташа бағасы – 188 теңге, картоп – 248 теңге, алма – 776 теңге. Пияздың ең төмен бағасы Түркістанда – 135 теңге, картоп Павлодарда – 180 теңге, алма Шымкентте – 639 теңге деңгейінде тіркелді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу