Қазақстанда бірнеше компанияға қарасора өсіруге мүмкіндік берілді

Бұл туралы Үкімет басшысы Олжас Бектенов айтып отыр. 

Қазақстанда бірнеше компанияға қарасора өсіруге мүмкіндік берілді Фото: Martin Vicente

Премьер-министр сөзінше, бірқатар инвестор елдегі қарасора өңдеу жобаларына қызығушылық білдірген, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Елдің ауыл шаруашылығы саласында биыл біршама жұмыс атқарылады. Зауыттар да жаңадан жұмысын бастайды. 

– Қостанай облысында бидайды қайта өңдеу жобасы іске асырылуда. Жалпы құны 132 млн доллар болатын зауыт крахмал өнімдері мен биоэтанол шығарады.

Биыл Түркістан облысында жобалық қуаты 150 мың тоннаны құрайтын жүгері өңдеу зауыты ашылады.

Астанада өндірістік қуаты 320 мың тоннаға жететін крахмал, глютен және жеміс шырынын терең өңдеуге арналған бидай мен бұршақ дақылдарын қайта өңдеу зауытын салу жобасы басталды.

Биыл Солтүстік Қазақстан облысында тәулігіне 1200 тонна күнбағыс өңдейтін зауыт іске қосылады, – деген болатын Олжас Бектенов Үкіметтің кеңейтілген отырысында. 

Сонымен қатар, Үкімет басшысы бірқатар инвестордың өнеркәсіптік қарасора өңдеу жобаларына қызығушылық танытқанын атап өтті. Сондықтан, бірнеше компанияға жасанды жағдайда қарасора өсіруге лицензия беріліп отыр. Аталған өнімнен май, мал азығын, тыңайтқыштар және талшық алуға болады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу