Қазақстанда бірнеше Telegram-бот бұғатталды

313

Оларда қазақстандықтардың дербес деректері таратылған.

Қазақстанда бірнеше Telegram-бот бұғатталды Фото: dropper.ru

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ел азаматтарының дербес деректерін таратып келген 8 Telegram-боттың қызметін бұғаттады, деп жазады inbusiness.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақпаратқа сәйкес, биыл 28 қазанда азаматтардың құпиялылығына және олардың дербес деректерінің қауіпсіздігіне елеулі қатер төндірген Telegram-боттың қызметі тоқтатылды. 

"Дербес деректердің таралып кету қаупін азайту және оларды заңсыз жинау және өңдеу фактілерінің жолын кесу мақсатында азаматтарды мұндай Telegram-боттарды пайдаланбауға және насихаттамауға, сондай-ақ өздерінің дербес деректерін жалпыға қолжетімді көздерде және әлеуметтік желілерде қалдырмауға шақырамыз. Мұндай Telegram-боттарды пайдалану олардың иелеріне ID, аты, тегі, лақап аты, "өзі туралы" бөлім және қосымшада орнатылған тіл сияқты жеке деректерге қол жеткізуге мүмкіндік береді", - деп хабарлады ведомство.

Бұдан бөлек бұл аккаунтты бақылауды жоғалтуға немесе жазбаға қол жеткізу және пайдаланушы атынан хабарлама жіберу мүмкіндігі сияқты параллельді пайдалануға алып келуі мүмкін, деп түсіндірді министрлік.

ЦДИАӨМ мұндай Telegram-боттар анықталған жағдайда министрлікке тікелей хабардар етуді сұрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу