Қазақстанда биыл 18,5 млн шаршы метр тұрғын үй салынады

195

Ең жоғары көлем үш қалада болжанып отыр. 

Қазақстанда биыл 18,5 млн шаршы метр тұрғын үй салынады Фото: newsko.ru

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев былтыр 20,1 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілгенін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Өткен жылғы жоспар 19,2 млн шаршы метр болды. Жыл қорытындысы бойынша аталған жоспар асыра орындалып, рекордтық көлемде, яғни 20,1 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Жалпы, жоспарлы көрсеткіш 18 өңірде артығымен орындалды", – деді Өнеркәсіп және құрылыс министрі.

Биыл тұрғын үй құрылысының болжамды көлемі 18,5 млн шаршы метр және қосымша шаралар қолданған жағдайда бұл көрсеткішті арттыруға мүмкіндік бар. Ең жоғары көлем Астана, Алматы және Шымкент қалаларында болжанып отыр.

"Саланы жандандыру үшін құрылысты қаржыландыру, дайын пәтерлерді сатып алу, инженерлік инфрақұрылымды дамыту және қолжетімді ипотекалық құралдарды кеңейту сияқты мемлекеттік қолдау шаралары іске асырылуда", – деп атап өтті Ерсайын Нағаспаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу