Қазақстанда бизнес саласы қарқынды дамып келеді - Тоқаев

460

Бұған мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалып жатыр.

Қазақстанда бизнес саласы қарқынды дамып келеді - Тоқаев Фото: akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Алтын Сапа" және "Парыз" сыйлықтарының иегерлерін марапаттау рәсіміне қатысу үшін Конгресс-орталығына келді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Ақордаға сілтеме жасап.

"Баршаңызды "Алтын сапа", "Парыз", "Қазақстанның үздік тауары" байқауларының өз мәресіне жетуімен құттықтаймын! Біз жыл сайын осы салтанатты жиында ел дамуына елеулі үлес қосқан кәсіпкерлерге құрмет көрсетеміз. Бұл – талай жылдан бері жақсы дәстүрге айналған маңызды іс-шара", -  деді Президент.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Қазақстанда бизнес саласы қарқынды дамып жатқанын атап өтті. 

"Қазір Қазақстанда бизнес саласы қарқынды дамып келеді. Бұған мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалып жатыр. Шағын және орта бизнестің ішкі жалпы өнімдегі үлесі 36 пайыздан асты. Бұл – шын мәнінде, жоғары көрсеткіш. Осы салада жұмыс істейтін адамдардың саны 4,3 миллионға жетті. Яғни еңбекке жарамды азаматтардың 45 пайызы деген сөз", -  деді Тоқаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу