Ләззат Сүлеймен бастаған бір топ халық қалаулысы мүлікті банкке кепілге беру туралы заңнаманы жетілдіру керек деп отыр. Өйткені аукционға қойылған жылжымайтын мүлікпен сауда жасауда құқық бұзушылықтар көп дейді. Тіпті, депутаттар, кепілмен сауда жасау сыбайлас жемқорлықтың ұясы деп баса айтты.
7-20-25 БАҒДАРЛАМАСЫМЕН ҮЙ АЛУ ҮШІН ҚАРЖЫ ҚҰЙҒАН ҮЛЕСКЕРЛЕР НАРАЗЫЛЫҚҚА ШЫҚТЫ
Шымкентте мемлекеттік 7-20-25 бағдарламасымен үй аламыз деп құрылысқа қаржы құйған салымшылар тағы да наразылыққа шықты. Бағдарлама бойынша 2018-2019-шы жылдары қаладағы "Көкжайлау-2" тұрғын-үй кешеніне қаржы салған азаматтар осы уақытқа дейін баспаналарына қол жеткізе алмағандарына наразы. Бастапқы келісімшарт бойынша бір жылдың ішінде баспаналы болуы тиіс азаматтар, әлі де пәтер жалдап жүр. Бар тапқанын құрылысқа салып 3 жылдан бері сенделіп жүргендер саны 150-ге жуық.