Қазақстанда брондалған машиналардың алғашқы партиясы шығарылды

906

Қазақстанда брондалған машиналардың алғашқы партиясы шығарылды

Қазақстанда күштік құрылымдарға арналған жаңа брондалған машиналардың бірінші партиясы шығарылды, деп хабарлайды mdai.gov.kz.

Отандық "Қазақстан Парамаунт Инжиниринг" ЖШС кәсіпорны израильдік Plasan компаниясымен бірлесіп,  "Алан" (БКМ)  бронды доңғалақты машина жасау өндірісін игерді. 

11 адамға арналып бірегей жабдықталған "Алан" БДМ-нің шанағы STANAG 4569 стандарты  бойынша қорғаныстың 3 деңгейінің талаптарына жауап береді. Брондау құрамында пайдаланылатын жеңіл композиттік материалдар автокөлікке және бронды машинаның  өнімділігі сипаттамасына тұтастай әсер етпейтін қосымша қорғанысты қамтамасыз етеді. 

"Алан" БДМ-сы түрлі конфигурацияда жеткізілуі мүмкін: барлау машинасы, командалық-штабтық көлік, түрлі қару-жарақтың түрлі түрімен арнайы әрекет ету күштері  машинасы.

"Алан" БДМ-нің бірінші тобы Қазақстан Республикасының күштік ведомстволарының тапсырысы шеңберінде табысты өндірілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу