Қазақстанда бүгін ауа райы қандай болады?

362

Қазгидромет синоптиктері 10 қаңтарда елдің бірнеше өңірінде көктайғақ пен бұрқасын болатынын және көп мөлшерде қар жауатынын болжады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстанда бүгін ауа райы қандай болады? Фото: inbusiness.kz

Қызылорда облысында көктайғақ, бұрқасын. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күші 15-20, облыстың орталығында 23-28 м/с болады.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде көп мөлшерде қар түседі. Облыстың басым бөлігінде бұрқасын болады. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20 м/с, күндіз облыстың оңтүстігінде 23-28 м/с-қа жетеді. 

Ұлытау облысының түнде батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде бұрқасын, көктайғақ. Облыстың оңтүстігінде, орталығында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20, күндіз кей уақытта екпіні 23-28 м/с болады. 

Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында жаяу бұрқасын. Жел солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысып соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың басым бөлігінде екпіні - 15-20 м/с.

Жетісу облысының шығысында, орталығында, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с болады.

Маңғыстау облысының басым бөлігінде көктайғақ. Түнде облыстың батысында, шығысында жаяу бұрқасын соғады. Түнде облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20, түнде облыстың батысында, шығысында кей уақыттарда 23 м/с болады.

Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында бұрқасын. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Шымкентте желдің екпіні кей уақытта секундына 25 метрге дейін жетеді. 

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жауады. Облыстың басым бөлігінде бұрқасын. Кей жерінде желдің екпіні секундына 30 метрге дейін жетеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу