Бүгін Астана мен Алматыда жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, ал Шымкентте желдің екпіні 20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Астанада күн ала бұлтты болады, жауын-шашын күтілмейді. Күндіз ауа температурасы +10 пен +12 градус аралығында, түнде -6 пен -8 градус аралығында болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы түнде 1–6 м/с, күндіз 7–12 м/с болады.
Алматыда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Күндіз ауа температурасы +11 пен +13 градус, түнде +1 пен +3 градус аралығында болады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 3–8 м/с болады.
Шымкентте де күн ала бұлтты болып, жауын-шашын жаумайды. Күндіз ауа температурасы +22 пен +24 градус, түнде +8 пен +10 градус аралығында болады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 8–13 м/с, екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетеді.