Қазақстанда бүгінгі күн райы қандай болады?

342

6 ақпанда еліміздің басым бөлігіне солтүстік-батыс циклоны және онымен байланысты атмосфералық фронттар ықпал етеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстанда бүгінгі күн райы қандай болады? Фото: wirestock

Қазгидромет синоптиктерінің болжамы бойынша, бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауады. Сонымен қатар республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді. Көктайғақ, бұрқасын болады.

Тек еліміз аумағының басым бөлігінде жауын-шашын (қар, жаңбыр түрінде) жауады.

Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. 

Астанада көшпелі бұлт шығады, кей жерлерде қар жауады. Оңтүстіктен соғатын желдің күші 9-14, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы күндіз 3-5°C аяз болады.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Жел 0-5 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 5-7°C аяз, күндіз 2-4°C жылы болады.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, күндіз аздап жаңбыр жауады. Жел оңтүстік, оңтүстік-батыстан 8-13 м/с соғады. Ауа температурасы түнде 1°C аяз-1°C жылы, күндіз 11-13°C жылы болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу