Қазақстанда бүйрегін сатпақ болған Ресей азаматы сотталды

158

Келісім шартқа сәйкес, трансплантациялау Павлодар қаласында жасалуы тиіс болған.  

Қазақстанда бүйрегін сатпақ болған Ресей азаматы сотталды Фото: medtour.help

Павлодар қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты келісімдік іс жүргізуде тірі адамның ағзасына қатысты заңсыз мәміле жасауға оқталу туралы қылмыстық істі қарады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Тергеу барысында 2024 жылы Ресей Федерациясының азаматшасы пайда табу мақсатында "Telegram" мессенджері арқылы бүйрегін 50 мың АҚШ долларына сатуға келіскені анықталды.

2025 жылы Д. Қазақстан Республикасына келіп, медициналық тексеруден өтті және алдын ала 5 000 000 теңге көлемінде ақшаны алған. Содан кейін полиция қызметкерлерімен ұсталған. Қылмыс оған қатысы жоқ жағдайларға байланысты аяғына дейін жеткізілмей қалды.

Айыпталушы кінәсін мойындап, өкініш білдірді. Сот осыны және қарауында кішкентай балалары болғанын ескеріп 10 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Күзетпен ұстауда болған уақытты ескере отырып, жаза өтелді деп танылып, сотталған әйел күзетпен ұстаудан босатылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу