Қазақстанда былтыр қанша нәресте дүниеге келді?

461

Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді. 

Қазақстанда былтыр қанша нәресте дүниеге келді? Фото: Aikyn.kz

Статистика агенттігінің мәліметінше, былтыр қаңтар-желтоқсан аралығында елімізде 403 мың 500 сәби дүниеге келген.

Жаңа туған нәрестелердің ең көп саны Түркістан облысында – 58 117 бала, туу көрсеткіші бойынша екінші қала - Алматы, онда 36 134 сәби дүниеге келген.

Жаңа туған нәрестелер саны бойынша үшінші орында Алматы облысы – 35 081 қазақстандық, ал елорда төртінші орында: Астанада 30 245 сәби дүниеге келген.

Халық саны ең көп өскен бес аймақты 31 784 жаңа туған нәресте тіркелген Шымкент қаласы.

2022 жылы туған балалар саны бойынша соңғы орында Ұлытау өңірі тұр, онда 4559 сәби дүниеге келген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу