Қазақстанда терроризмді насихаттайтын 9 мыңға жуық сайт жабылды

836

Қазақстанда терроризмді насихаттайтын 9 мыңға жуық сайт жабылды

Қазақстанда 2017 жылы терроризмді насихаттайтын 9 мыңға жуық сайттың жұмысы тоқтатылған. Бұл туралы ҚР ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 
Алқа мәжілісінде сөз сөйлеген министр 2017 жылдың 28 желтоқсанында президенттің ақпарат және коммуникациялар жөніндегі заң жобасына қол қойғанын атап өтті.

"Бұл заң біздің азаматтардың құқығын қорғаудың механизмдерін күшейтеді. БАҚ саласына, байланыс операторларының жұмысына қатысты талаптарды оңтайландырады", - дейді министр.

Дәурен Абаевтың айтуынша министрлік ақпараттық кеңістікте тиісті заңның сақталуын қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастырмақ.

"Өткен жылы терроризм мен діни экстремизмді, суицид, зорлық-зомбылықты насихаттайтын 9 мыңға жуық сайттың жұмысы тоқтатылды. Әлеуметтік желілерде осы сарындағы 230 мың материал жойылды", - деді министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу