Қазақстанда цемент импортына салынған тыйым алынды

1121

Елімізде цемент әкелуге салынған тыйым алынып тасталды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қазақстанда цемент импортына салынған тыйым алынды

"2021 жылғы 23 шілдеден бастап Қазақстанда үшінші елдерден цемент әкелуге салынған тыйым алынды. Осылайша, цементті клинкерлер, портландцемент, өзге де портландцемент, глиноземді цемент, гидравликалық цементті (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 2523100000, 2523290000, 2523300000, 2523900000) үшінші елдерден жеткізуге болады. Импортқа салынған тыйымды алып тастау батыс өңірлерде нарықты молықтырып, республика аумағында цемент өнімінің бағасын төмендетеді", - деп жазылған Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі таратқан хабарламада.

Айта кетейік, биыл 30 сәуірде министрлік отандық цемент өндірушілерді қолдау үшін үшінші елдерден цемент әкелуге тыйым салған еді. Алайда қоғамда цемент бағасының өсуі және ішкі нарықтағы жетіспеушілігіне қатысты мәселе туындады. Осыған байланысты министрлік ведомствоаралық комиссияның қарауына аталған тыйымды жою туралы бұйрық жобасын ұсынды. Нәтижесінде қоғамық кеңесте жобаға оң баға берілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу