Қазақстанда цифрландыруға салынған инвестиция бір жылда 8,3 млрд теңгеге қысқарды

Шығындардың жалпы сомасы – 306 миллиардтан астам. 

Қазақстанда цифрландыруға салынған инвестиция бір жылда 8,3 млрд теңгеге қысқарды Фото: inbusiness.kz

2023 жылы заңды тұлғалар АКТ жабдықтары мен бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алуға, сондай-ақ, деректер қорын құруға 306,7 млрд теңгені жұмсады. Инфляцияға түзетусіз жылдық төмендеу 2,6%-ды немесе 8,3 млрд теңгені құрады. Бұл туралы inbusiness.kz сайты Data Hub бірінші кредиттік бюросының Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Нәтижесінде, өткен үш жылда байқалған инвестицияның өсу үрдісі үзілді. Дегенмен, төмендеу тіркелген 2022 жылғы көрсеткіш рекордтық – 315 млрд теңге екенін ескеру қажет. Яғни, қазіргі динамика негізінен өткен жылдың жоғары базасымен анықталды", – делінген хабарламада.

Салалар арасындағы құлдыраудың негізгі драйверлері күтпеген көрсеткіштерге жетті. Олар:

  • ақпарат және байланыс – 107 млрд теңге (-26,9 млрд теңге);
  • қаржы және сақтандыру – 48,2 млрд теңге (-12,2 млрд теңге).

Мұндай күшті құлдырау басқа салалардың айтарлықтай өсуімен ішінара өтелді. Оларға мыналар жатады:

  • өнеркәсіп – 40,7 млрд теңге (+10 млрд теңге);
  • көлік және қойма – 27,3 млрд теңге (+10,5 млрд теңге).
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу