Қазақстанда "цифрлық алкоголь" пайда болды

542

Жаңа инновация Ресейде белгілі болды.

Қазақстанда "цифрлық алкоголь" пайда болды Фото: tsargrad.tv

Ресей Федерациясында "Иннопром-2023" халықаралық өнеркәсіптік көрмесінде Қазақстан өкілдері "цифрлық алкогольді" таныстырды. Көрме Екатеринбургте өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz РБК-ға сілтеме жасай отырып.

"Цифрлық алкоголь" деп отырғанымыз —арнайы дыбыстар шығаратын құлаққаптар. Оларды бірнеше секунд тыңдау арқылы сіз бірнеше шот ішімдік ішкендей боласыз. 

"Біз осы күнге дейін клиенттердің шаршағанын, стрессті жылдам әрі тиімді басатын түрлі тәсілдерді іздедік. Ақыры нейрондық құлаққаптарды ойлап таптық, яғни алты секундтан үш минут аралығында сіздің жүйке жүйеңіз демалып, шаршағаныңыз басылады. Елестетіп көріңізші, күнделікті 20-30 баламен арпалысып жүрген балабақша тәрбиелеушісі, ол да адам, күні бойы шаршайды, жүйке жүйесі де сыр беруі мүмкін, бірақ ол жұмыс орнында іше алмайды, темекі шеге алмайды, ал құлаққаптар болған жағдайда бір бөлмеге кіріп үш минут ішінде өз-өзіне келуге болады. Бұл мемлекеттік қызметкерлерге, медициналық мекемелер, яғни адами фактор бар жердің барлығына тән құбылыс. Тіпті достарымен кештерде", - деп хабарлады экспозиция өкілдері.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу