Қазақстанда әскерге шақырылушыларды медициналық тексеру процесі цифрландырылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Жоба Астана қалалық әскери комитетінде сынақтан өтті. Қазір онлайн-медициналық қаралу Астана, Алматы, Қарағанды облысы мен Шымкентте қолжетімді.
ҚР қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев сөзінше, 2024 жылы 15 мыңға жуық, ал 2025 жылы 5,5 мың адамның медициналық деректері цифрланған.
Спикер Қорғаныс министрлігінің ауруханалары мен лазареттері медициналық ақпараттық жүйелер арқылы медициналық тұрғыдан қамтамасыз етілетінін айтты. Жылына әскери-медициналық мекемелерде орта есеппен 10 мыңнан астам әскери қызметшіге цифрлық форматта қызмет көрсетіледі.
Болашақта Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілердің қызметке жарамдылығын анықтайтын әскери-дәрігерлік сараптамадан өту процесін жеделдетуге және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмауға көмектесетін цифрлық әскери-дәрігерлік комиссия құруды жоспарлап отыр. Қазір Астана қаласында тестілеу жүргізілуде.
Бұдан бөлек денсаулық сақтау саласына телемедицина технологияларын енгізу жоспарда бар, бұл жергілікті орындарда тиісті медициналық мамандар болмаған кезде әскери қызметшілердің диагнозын анықтау үшін ЖИ пайдалануға мүмкіндік береді.
"Бүгінгі таңда Министрлік әскери медицина мамандарына телемедицина курстарынан өткізетін мамандар жіберді. Курстар аяқталғаннан кейін Ақмола облысының Денсаулық сақтау министрлігі мекемесінде тестілеуден өтіп жатқан ЖИ терапевті апробациялау жоспарланған", – деді. ҚР қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев.