Қазақстанда цифрлық теңге енгізіле ме?

985

Қаржы министрінің пікірінше, елде цифрлық теңгені енгізу барысында техникалық мәселе туындамайды.  

Қазақстанда цифрлық теңге енгізіле ме?

Мәжілістің Үкімет сағатында депутат Екатерина Смышляева Қазақстанда цифрлық теңге қашан енгізілетінін сұрады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

"...Цифрлық теңгені енгізу неге кейінге қалдырылды? Бүгінде Қазақстанда ұлттық цифрлық валютаны енгізуге не кедергі болып отыр? Қазір енгізіліп жатқан ақпараттық жүйелерде цифрлық теңге енгізілсе, олар оған бейімделе ала ма?", – деп депутат ұлттық банк өкілі мен қаржы министріне сұрақ қойды.

Ұлттық банк төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұлов 2020 жылғы қарашада ведомство ұлттық валютаны енгізу мәселесін зерттеуге кіріскенін атап өтті.

"Оны кейінге қалдыру болған жоқ. Бұл – жоспардағы Ұлттық банк орындайтын міндеттің бірі. Президенттің тапсырмасына сәйкес, 2022 жылғы 1 шілдеде жобаны іске асырудың оңтайлы жоспарын әзірлеуге мүмкіндік беретін модельді әзірлейміз. Сондықтан барлығы Ұлттық банктің зерттеу жоспарына сәйкес жүргізіліп жатыр", – деді Берік Шолпанқұлов. 

Оның сөзін Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев толықтырды. Ол барлығы цифрлық теңге айналымы тұжырымдамасына байланысты екенін жеткізді.

"Заң жүзінде бәрі бекітілсе, өз ұсыныстарымызды тұжырымдамаға сүйене отырып енгіземіз. Бірақ мен техникалық тұрғыдан ешқандай мәселені көріп отырған жоқпын. Өйткені цифрлық теңге мен қолма-қол ақшаның табиғаты ұқсас. Сондықтан мұнда техникалық проблема жоқ", – деді министр.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу