Қазақстанда COVID-19-бен күресу үшін жасанды интеллект қолданылады

2204

Жобаның басты мақсаты – індеттің таралуы бойынша деректерді талдап, Қазақстан мен басқа елдердің эпидемиологиялық жағдайы туралы ақпараттарды зерттеу.

Қазақстанда COVID-19-бен күресу үшін жасанды интеллект қолданылады

АҚШ-тың Сан-Франциско қаласындағы ҚР Бас консулдығының бастамасымен Семей медициналық университеті мен XLabs (АҚШ компаниясы) арасында Қазақстан аумағында COVID-19 пандемиясымен күресу үшін жасанды интеллектіні қолдану жөніндегі келісімге қол қойылды, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі. 

"Жобаның басты мақсаты аурудың таралуы бойынша деректерді талдау, Қазақстан мен басқа елдердің эпидемиологиялық жағдайы туралы мәліметтерді зерттеу, КВИ бар науқастарды емдеу жолын автоматтандыру, індеттің таралуын алдын алудың неғұрлым тиімді әдістерін әзірлеу", – деп жазылған министрліктің желіде жариялаған хабарламасында. 

Жобаға қатысу арқылы Қазақстан бірқатар артықшылықтарға ие болмақ. Біріншіден, отандық мамандарға пандемияға қарсы күрестің ең өзекті және тиімді шараларына қолжетімділігі артады. Екіншіден, деректердің үлкен базасын жинау және талдау бойынша халықаралық тәжірбие жинақталады.

XLabs компаниясы ұзақ жылдар бойы медицинада жасанды интеллект мүмкіндіктерін қолдану бойынша жұмыс істеп келе жатқан АҚШ компаниясы. Аталған мекеме өнімдері 30-дан астам індетті, оның ішінде онкологиялық ауруларды диагностикалай алады.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу