Қазақстанда COVID-19-ға қарсы тағы бір вакцинаны клиникалық зерттеу басталды, деп хабарлайды Аtameken Business. Бұл екпені де Қордайдағы "Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты" дайындаған. Отандық ғалымдар қазір жаңа препараттың I және II фазасын сынау үшін Денсаулық сақтау министрлігінің рұқсатын алған. Ал, екпе егу жұмыстары бүгін Тараз қаласындағы ауруханалардың бірінде басталды. Толығырақ тілші материалында:
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу