Қазақстанда дағдарыс жоқ - Руслан Дәленов

1195

Қазақстанда дағдарыс жоқ - Руслан Дәленов

Қазақстанда дағдарыс жоқ. Бұл пікірді орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг кезінде Қазақстанның ұлттық экономика вице-министрі Руслан Дәленов айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Тілшінің сұрағына жауап берген Дәленов Қазақстанда 2017 жылғы қорытынды бойынша ЖІӨ өсімі 4%-ды құрағанын атап өтті.

Оның айтуынша, былтырғы экономикалық ахуалдың жаман болмағанына келесі көрсеткіштер куә: өндіруші емес өнеркәсіп салаларында 2/3 өсімге қол жеткізілді; барлық ішкі салада алға ілгерілеушілік байқалады; өңдеуші өнеркәсіп салаларында бес жылдық максимум тіркелді; қажетті салаларда да айтарлықтай өсім бар (мәселен фармацевтикада 41,8%); шикізаттық емес және терең өңдеуден өткен тауарлар экспорты ұлғаюда. Сонымен қатар, мұнай бағасы биыл барреліне 45 доллар деңгейіне жетті.

"Қазір биылғы бюджет үшін болжамды шынайы бағаны таңдап жатырмыз. Тағы бір жайтты ескеруіміз қажет, экспорт айтарлықтай өсті, әрі қарай да ұлғаятын болады, өнеркәсіп те жақсы дамып келеді, барлық параметр жоғарылады. Нақты таңдалатын күнді анықтап айта алмаймын. Қаржы министрлігі ұсыныстарды жинап жатыр, үкіметте ақылдасып шешкен соң, шешім қабылданады", - дейді Руслан Дәленов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу