Қазақстанда дәрі-дәрмек бағасы арзандайды

243

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мәлім етті.

Қазақстанда дәрі-дәрмек бағасы арзандайды Фото: inbusiness.kz

Қазақстанда дәрі-дәрмек құны төмендемек. Денсаулық сақтау министрлігі бірыңғай делдалдар арқылы жасалатын сауданы алып тастап, өндірушілермен тікелей шарттар жасауды міндеттемек, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі ведомство пациенттердің, мемлекеттің және өндірушілердің мүдделерін ескере отырып, дәрілік заттарға баға белгілеу тетігін қайта қарайтынын мәлімдеді. Сол себептен енді дәрілердің сапасын бағалау мен іріктеуде тәуекелге бағдарланған тәсіл бойынша және фармацевтикалық өнімді әкелу тәртібінде өзгерістер енгізілмек.

“Сатып алу тиімділігін арттыру үшін бірыңғай дистрибьютор жарамды мерзімдерін ескере отырып, тауарларды жоспарлау мен бөлуді автоматтандыратын ақпараттық жүйені енгізді. Бұл есептен шығарылған препараттардың санын азайтады. Сондай-ақ бірыңғай дистрибьютордың қызметі өндірушілермен тікелей шарттар жасасуға бағытталады. Бұл делдалдарды алып тастау арқылы дәрі-дәрмек бағасын төмендетуге мүмкіндік береді”, – делінген хабарламада.

Қабылданып жатқан шаралар тұрғындарды қауіпсіз, сапалы дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етуге, сондай-ақ отандық өндірушілерді қолдауға бағытталған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу