Қазақстанда дәрігер тапшылығы 20,4%-ға азайды

296

​Қазақстанда медицина мамандарының жетіспеушілігі азайып келеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстанда дәрігер тапшылығы 20,4%-ға азайды Фото: ЖИ

2025 жылдың қорытындысы бойынша дәрігер тапшылығы 2023 жылмен салыстырғанда 20,4%-ға, ал ауылдық жерлерде 28,3%-ға қысқарған. 

Қазіргі уақытта еліміздің денсаулық сақтау саласында 280 мыңнан астам медицина қызметкері еңбек етеді. Оның ішінде дәрігерлердің саны 84 мыңға жуық.

Мамандарды әлеуметтік қолдау шаралары да кеңейтілген. 2025 жылы 1 760 медицина қызметкері осындай көмекке ие болды. Бұл көрсеткіш алдыңғы кезеңмен салыстырғанда 2,2 есе өскен.

Сонымен қатар тұрғын үймен қамтылған дәрігерлер саны 3,3 есе артып, 727 адамға жетті.

Ауылдық жерлердегі кадр тапшылығын азайту мақсатында сұранысқа ие мамандықтар бойынша жұмыс істейтін 529 медицина қызметкеріне 8,5 млн теңгеден біржолғы төлем берілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу