Алматы, Астана және Атырау дәрігердің қабылдауында болу ең қымбатқа түсетін қалалар ретінде тіркелді. Бұл туралы 7kun.kz жазып отыр.
2016 жылдың үшінші тоқсанында денсаулық сақтау мен әлеуметтік қызмет-көрсету ұйымдары қазақстандықтарға құны 259 млрд теңгені құрайтын қызмет көрсеткен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 18,8 пайызға көп.
Денсаулық сақтау саласындағы ақылы қызметтерден түскен табыстың көбі (55,5%) ауруханалар есебінен келген — 136,1 млрд теңге. Оның 26,6% хирургия бөлімшелерінен түссе (36,2 млрд теңге), тағы 10,6%-ы — ауруханалар мен перзентханалардағы гинекологиялық бөлімшелерден (14,5 млрд теңге) алынған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу