Қазақстанда дәрігерлердің салғырттығы үшін жазаны жеңілдету ұсынылды

2018-2020 жылдар аралығында дәрігерлерге қатысты 300-ге жуық Қылмыстық іс қозғалды.  

Қазақстанда дәрігерлердің салғырттығы үшін жазаны жеңілдету ұсынылды

Мәжіліс депутаттары жалпы отырыста дәрігерлердің кәсіби міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жазаны жеңілдетуді көздейтін "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"2018-2020 жылдар аралығында жеке және заңды тұлғалардан 14 123 өтініш түсті. Оның ішінде 300-ге жуық іс Қылмыстық кодекстің 317-бабы бойынша медициналық қызметкерлерге қатысты кәсіби міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін қозғалған. Көбінесе хирургия саласында. Олардың арасында акушер-гинеколог, хирург, травматолог, анестезиологтар бар", – деді Денсаулық сақтау министрі.

Оның айтуынша, заң жобасында абайсызда денсаулыққа орташа және ауыр зиян келтіргені үшін айыппұл мөлшері мен қамауға алу мерзімін қысқарту, денсаулыққа ауыр зиян келтіру немесе науқас қайтыс болған жағдайда "бас бостандығынан айыру" түріндегі жазаны "бас бостандығын шектеуге" ауыстыру ұсынылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу