Бұл туралы Цифрлық экономиканы дамыту орталығы хабарлайды деп жазады inbusiness.kz.
"2020 жылдан бастап темекі өнімдері, ал 2021 жылдың қараша айынан бастап аяқ киім бұйымдары міндетті түрде таңбалана бастады. Ал қазіргі уақытта дәрілік заттарыды міндетті түрде таңдалау енгізіліп жатыр", – деді Бикеш Құрманғалиева елордада өткен телекоммуникация нарығын дамытуға арналған іс-шарада.
"Нормативтік-құқықтыққа сәйкес, ең алдымен кез келген тауар тобына қатысты ілкі жобаға бастамашылық жасалады. Содан кейін талдау жасалып, қоғамдық тыңдау болады. Мүдделі барлық мемлекеттік органмен, бизнес қоғамдастықпен, "Атамекен" ұлттық палатасымен белігілі бір тауар түріне таңбалау енгізуге қатысты шешім келісіледі. Тек осы соң шешім қабылданады. Қазір зергерлік бұйымдарға, суға және құрамында қанты бар сусындарға қатысты ілкі жоба жүзеге асырылып жатыр. Алкогольге, жеңіл өнеркәсіп пен сүтке ілкі жоба жүргізілді. Үкімет бизнес қоғамдастықпен келісе отырып, аталған тауар түрлеріне міндетті таңбалауды әзір енгізбеу шешімін қабылдады. Жеңіл өнеркәсіпке қатысты мәселе ашық тұр", – деді орталық бас директоры Бикеш Құрманғалиева.