Қазақстанда депозиттердің пайыздық мөлшерлемесі өседі

1021

Елімізде валютадағы депозиттердің пайыздық мөлшерлемесі ұлғаяды, деп хабарлайды Ұлттық банк.  

Қазақстанда депозиттердің пайыздық мөлшерлемесі өседі

Қаржылық жүйенің тұрақтылығын қамту жөніндегі Президенттің тапсырмасын орындау үшін қазақстандық депозиттерді кепілдендіру қоры осындай шешім қабылдап отыр.

11 қаңтардан бастап ең жоғарғы пайыздық мөлшерлеме 3 және 6 айлық мерзімдегі депозиттерге қолданылады. Яғни жинаққа қосылатын мөлшерлеме 2 пайызға өспек.

Ал бір жылдық мерзімдегі депозиттерге 1 пайыздық үстемақы қосылмақ.

Аталған шара қысқа мерзім ішінде қаржылық жүйенің тұрақтылығын қамтып, валюта нарығындағы спекуляцияның алдын алмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу