Қазақстанда діни алауыздықты қоздырды деген күдікпен 33 адам ұсталды - ҚР ҰҚК

950

Қазақстанда діни алауыздықты қоздырды деген күдікпен 33 адам ұсталды - ҚР ҰҚК

Ұлттық қауіпсіздік комитеті "Ат-Такфир уаль-Хиджра" діни-экстремистік ұйымының ұяшықтарын бейтараптандыру бойынша арнайы операцияны аяқтады, деп хабарлайды ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.

21 желтоқсанда басталған операция кезінде Ішкі істер органдары бөлімшелерімен бірлесе діни алауыздықты қоздырды және аталған ұйымның іс-әрекетіне қатысты деген күдікпен барлығы 33 адам ұсталды.

"Ат-Такфир уаль-Хиджра" жақтаушылары тұратын және жиналатын мекенжайларға жүргізілген тінту барысында діни материалдар, компакт-дискілер, компьютерлік техника және үлкен сомада ақша табылып, тәркіленді.

Қажетті сараптамалар тағайындалды. Бүгінгі күні алынған айғақтар жиынтығы бойынша "Ат-Такфир уаль-Хиджра" ұяшығының 7 көшбасшысы мен белсенді қатысушыларына қатысты қамауға алу түрінде, біреуіне – ешқайда кетпеу жайында алдын алу шаралары қолданылды. 8 адамға қатысты келу туралы міндеттеме түрінде процессуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалды. Ұйымның қатардағы 17 мүшесі әзірше тергеуге куәгер ретінде тартылады. Ұсталған адамдардың көпшілігі мойындау түсініктерін берді және тергеумен ынтымақтасып жұмыс істеуге ниет білдірді. Олардан радикалдық идеология насихатталатын жасырын жиындарды өткізу туралы мәліметтер алынды. Сонымен қатар қазақстандық ұяшықтардың іс-әрекеті шетелден басқарылып отырған. Жедел-тергеу іс-әрекеттері жалғасуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу